Жазғы оқу тәжірибесі кезінде техник-картографтар топографиялық карталарды жаңартып жасайды. Өңделген мәліметтер бойынша атластар мен каталогтарды зерттей отырып, жаңа мәліметтер бойынша MapInfo Pro, QGIS және CorelDRAW қолданбалы бағдарламаларында электрондық картаны құрастырып жатыр.
Қазақстанның топографиялық карталарына жаңа облыстық аумақтық бірліктерге сәйкес өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік шекаралары белгіленді, бұл процесс қажетті және стратегиялық аспект болып табылады.