Абай облысы ББ «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» Семей қаласындағы «Мансап» орталығымен бірігіп жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 3 айлық курсты «Электргазымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша бүгінгі күннен оқуды бастады. Бұл курста шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы құны 43 574 теңге. Мемлекет тарапынан қажетті оқуға арналған құрал-жабдықтар тегін беріледі.
Колледжіміздің шеберханалары заман талабына сай қондырғылар мен құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл қондырғылармен курс оқушылары шеберханада жұмыс жасап, білімдерін арттырады.
Қазіргі таңда құрылыс саласы қарқынды дамыған. Оқытып жатқан дәнекерлеуші мамандығы сұранысқа ие.
«Мансап» орталығымен бірге жұмысшы мамандық курстарын тегін оқытамыз.
Сонымен қатар айта кететін жаңалығымыз, құрылыс саласы, геодезия саласы бойынша жыл 12 ай бойы курстық дайындықты ақылы түрде жүргіземіз, оқуға шақырамыз, келіңіздер! Курс бойынша сұрақтарыныз болса бөлім меңгерушісі Оразгалиев Ербол Ерликович, телефон – 8 775 245 55 80).