2023 жылы мамыр айының 5-і күні Құрылыс колледжінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелеріне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара директордың м.а. құттықтау сөзімен басталып, «WorldSkills Abai – 2023» чемпионатының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Әкімшілік атынан колледж ұжымының ер-азаматтарына тәрбие мен білім саласындағы еңбегі үшін алғыс хаттар ұсынылды. Колледжішілік «Шаңырақ» театрының өнерлі жастары «Соғыстың соңғы көктемі» және «Мәншүктің монологы» қойылымдарын көрермен назарына ұсынды. Белсенді студенттер тақырыпқа сай патриоттық әндер шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Колледж строительства (@qurylyskoleji)