2023 жылы қазан айының 17-сі күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-ында «ТжКББ Consult» инновациялық жобасы аясында жас мамандарға арналған «Педагогикалық тәжірибе – шығармашылықтың бастамасы» атты колледжішілік коуч семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – Жас педагогтарға оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру және жүргізу бойынша бағыт-бағдар бере отырып, «ТжКББ Consult» инновациялық жобасы аясында оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту болып табылды.
Семинар «Ұйымдастыру бөлімі», «Кіріспе сөз», «Үш қадамнан тұратын сұхбат», «Ой тұжырымдау», «Кері байланыс» атты барлығы 5 бөлімді қамтыды. Семинарда «Колледждегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбы кеңінен қарастырылды. Тәжірибелі оқытушылар жас педагогтарға оқу-жұмысы бағдарламасын жасау барысы туралы, күнделікті сабақ жоспарларын құру, сабаққа қойылатын талаптар, сабақтың компоненттері жөнінде әдістемелік кеңес беріп, өндірістік-кәсіптік оқытудың ерекшеліктерімен таныстырды. 2023 оқу жылынан бастап колледждің оқытушылары өз сабақтарында электронды оқу-әдістемелік кешен жасауды қолға алған болатын. Семинарда осы бағытта толықтай демонстрация жасалып, электронды ОӘК тиімділігі түсіндірілді.
Семинар қатысушылардың арасында белсенді кері байланыстың орнатылуы мен өзара пікір алмасуымен аяқталды.