2024 жылы қазан айының 28-і күні діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және экстремизммен терроризмнің алдын алу мақсатында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК жатақхана студенттеріне «Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Ботаханов Махсат Дюсенбековичпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Экстремизм» мен «Терроризм», «Деструктивті діни ағымдар» ұғымдарына анықтама беріліп, дәстүрлі емес теріс ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары және бұл сияқты әр түрлі ағымдардан алдын алу жолдары толыққанды талқыланды.