2025 жылы мамыр айының 16-сы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК командасы Абай облысы Семей қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында «Сызу» пәнінен өткен қалалық олимпиададан жүлделі І орынды жеңіп алды.
Олимпиадаға «Архитектура» мамандығы, «Техник-жобалаушы» біліктілігі бойынша білім алатын А-31 тобының студенттері Қайржанова Ақнұр мен Манафова Зайнаб, «Геодезия және картография» мамандығы, «Техник-геодезист» біліктілігі бойынша білім алатын 14 ТГ тобының студенті Қайнаров Темірлан қатысып, І-ІІ орын мен сертификаттың иелері атанды. Жетекшілері: Окасов Нурбосын Серикказынович, Өмірзақова Құндыз Оралбайқызы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!