Халықаралық еріктілер күніне орай 5 желтоқсан күні «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Исток» ҚБ және қалалық достық үйінің ұйымдастыруымен волонтёрлер кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда волонтерлік бірлестіктердің қызметін көрсету және еріктілер тобын ұлықтау болып табылады. Шараға Семей қаласының жастар ресурстық орталығының маманы, «Лига добра» ҚҚ жетекшісі Е. Мақсұтов және «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің маманы Г. Ыдырышева қатысты. «Құрылыс колледжі» КМҚК волонтёрлері алғыс хатпен мараппатталып, кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.