Апталықтың бекітілген жоспары бойынша 1 халықаралық деңгейдегі конференция, 2 ашық сабақ, 1 ашық тәрбие сағаты, 1 сабақтан тыс іс-шара, үзілістер арасында арнайы пәндер бойынша сайыстар өткізілді. Апталықты қорытындылау мақсатында халықаралық конференция өткізілді. Апталықтың алғашқы күні, 21-қараша «Құрылыстар сыр шертеді» атты сыныптан тыс іс-шараны арнайы пәндер оқытушылары Алемжанова А.М., Дутбаева А.Ж. колледж акт залында 23 ПГС, 24 ПГС топтарының студенттері арасында интеллектуалдық сайыс түрінде өткізді. Бірінші курс студенттерінің жаппай қатысуы, арнайы пәндерді белсенді оқуларына ықпал етті. 22-қараша күні арнайы пәндер оқытушысы Қызыров Д.Б. 31 ПГС тобының студенттерімен КМ 08 «Құрамдарды қолмен және мехникаландырылған тәсілмен жағып қасбеттік жылуды оқшаулайтын композициялық жүйелердің құрылысы», «Материалтану» пәнінен «Портландцемент, шикізаты және өндіру технологиясы, қоймада сақтау және тасымалдау» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтарды орындау кезінде АКТ қолдану белсенді жүргізілді. 23-қараша күні арнайы пәндер оқытушысы Мақсұтова Б.М. 31 ПГС тобының студенттерімен КМ 07 «Құйылатын едендерді және еден астына төселетін негіздерді құру жұмыстарының орындалуы», «Құйылатын едендердің және еден астына төселетін негіздерді құру жұмыстарының орындалуы» пәнінен «Табиғи тастан едендерді орнату» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді. 24-қараша күні арнайы пәндер оқытушысы, М-31 тобының жетекшісі Баймункин С.Б. М-31 тобының студенттерімен  «Батыр Мәншүк Мәметова – 100 жаста» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Өткізілген ашық сабақта, топ студенттері патриоттық тәрбие бағыты бойынша қосымша білімдерін толықтырды. 25-қараша күні арнайы пәндер оқытушысы Койшыбаев Е.А. облыстық деңгейде РО 2.1 «Подготовка материалов для кладки простых каменных конструкций, выполнение такелажных работ» оқыту нәтижесі, «Технология каменных работ» пәнінен 22 ПГС тобының студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсатына жетті, қанағаттанарлық деп бағаланды. Апталық қорытындысы директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Нургожанова А.С. ұйымдастырумен колледжімізде өткізілген, Халықаралық деңгейдегі «WorldSkills Conference – 2022» іс-шарасымен жоғары деңгейде қорытындыланып, өте жоғары деңгейде бағаланды.