Құрылыс колледжінің жатақханасында 22 Наурыз Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ұлттық ойындарды ойнап, жатақхананың студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!