2025 жылы мамыр айының 30-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде» құрылыс саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының марапаттау рәсімі өтті.
«Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша: педагог-зерттеуші, инженер-құрылысшы Нургожанова Арай Серыкжановна жүлделі І орын иеленіп, Абай облысының, колледжіміздің беделін көтеріп, мерейін асқақтатты. Әр өңірден келген өз ісінің шеберлері әріптесіміздің кәсіби шеберлігіне куә болып, жылдар бойы жинаған озық тәжірибесін көріп, оң пікірлерін білдірді.
Әріптесімізге Абай облысы білім басқармасының атынан Алғыс хат және «TALAP» KeAҚ атынан халықаралық фестивалінде тәжірибесімен бөліскендігін растайтын сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.