Щучье көлінің көркем оңтүстік-батыс жағалауындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттеріне арналған Республикалық слёті басталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен таңдап алынған ең үздік 100 студент осы слетте бас қосып, жаңа идеяларға жол ашуда!
Абай облысынан іріктелген ең үздік үштік те – шын мықтылардың қатарында. Олар:
• Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің студенті – Жиенбаев Расұлан.
• М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті – Төлеуғалиұлы Нұрмағанбет.
• Шәкәрім жоғары колледжінің студенті – Төлеуханов Эльдар.
Жастарға шығармашылық шабыт, сәттілік пен жақсы демалыс тілейміз!