Павлодар қаласында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған Республикалық тамыз форумының 2 панельдік секция өтті. Секция жұмысына 1300-ден астам адам (off – line-350 адам, On – line-1000 адам) жұмыс берушілер, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КеАҚ, ҮЕҰ, «Атамекен» ҚР ӨКП қызметкерлері, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қатысты. Панельдік секция жұмысының мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, кадрларды даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін қарау. 2 панельдік секциясының жұмыс қорытындысы бойынша кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері талқыланып, басым бағыттар белгіленіп, ұсынымдар әзірленді.