2022 жылы мамыр айының 31-күні кітапхана саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: студенттердің патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, өткен ғасырдың саяси қуғын-сүргін құрбандарына құрметпен қарауға үйрету, туған өлкесінің тарихына деген сүйіспеншілігін ояту.