15 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлері Э. С. Ахметова, Г. К. Искакова Семей қаласының №2 кітапханасына саяхат жасап, М-11 тобының оқушыларымен сыныптан тыс іс шара өткізді. Кітапхана басшысы Сәуле Камалқызы Нукушева саяхатта бізді құшақ жая қарсы алды және аталған кітапхананың қызметі, әдебиетер тізімі туралы айтып, жаңа оқу жылына жоспарланған іс шараларға қатысуға шақырды.

Абонемент қызметкері Қайырова Шынар Қайырқызы Қазақстан Республикасының тарихи облысы – Семей қаласы туралы баяндама жасады. Балаларға біздің өлкеміз туралы қызықты ақпарат берілді, сондай-ақ осы тақырыпта қызықты викторина өткізілді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.