Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында 2017 жылдың қазан айының 28 күні «Құрылыс колледжі» КМҚК «Серпін» әлеуметтік бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер «Ұлылар мекені» Абай еліне саяхат жасады.
Сапардың негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлының, М.О. Әуезовтің үй-мұражайларына бару, сондай- ақ Күшікбай, Еңлік- Кебек ескерткіші сияқты жерлермен танысу.

Абайдай айдынды алыбы, Шәкәрімдей шешен шежірешісі, Мұхтардай мұхиты бар өңірдің өнерден де, әдебиеттен де, мәдениеттен де артта қалған жері жоқ екені сөзсіз.

Күшікбай батырға арнап қойылған ескерткішіне, талай жолаушылардың шөлін басқан, тіпті қыста да қатпайтын шыныдай мөлдір
Күшікбай бұлағына, Абай мен Шәкәрімнің туған елі Жидебайға, Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйіне, Еңлік-Кебек ғашықтар ескерткішіне барды.
Саяхатқа 50-ден астам студент қатысты.

Абай елінің бай мұражай қорымен танысып, осы өлкенің біртуар перзенттері туралы мол мағлұмат алып қайтты.
Мұндай танымдық бағыттағы іс-сапарлар өскелең ұрпақтың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктің артары анық.

Студенттеріміз Алматы, Шымкент және Қызылорда облыстарынан келген жастар Ұлы Абай еліне тұңғыш рет барып, ерекше әсерге бөленгенін ризашылықпен жеткізді.