2017 жылдың  қазан айының 27 күні «Құрылыс колледж» КМҚК бірінші курс студенттері студент қатарына қабылданды! Студент қатарына қабылдау — әр колледж оқушысының өміріндегі ұмытылмас шақ болып табылады.

Бір айта кететін жағдай, студенттер қатырына қабылдау кешінің бағдарламасы ерекше болды. Концерттік бағдарлама «Жалпы білім беретін» пәндер бірлестігінің оқытушыларының және колледждің көркемдік жетекшісі Нұргүл ханымның ұйымдастыруымен дайындалды, бірақ жоғарғы курс студенттері де мерекелік бағдарламадан тыс қалмады. Олар ән айтып, би билеп тамаша өнерлерін көрсетті. Ең әсерлісі де ұмытылмасы жоғарғы курс студенттері бірінші курс студенттеріне жақсы тілектерін білдіріп, болашаққа жол сілтеп, арнайы тəтті торт сыйлады. Мұндай құрмет әр бірінші курс студенті үшін үлкен құрмет еді!

Кештің салтанатты сәті «Студент» атты асқақ атты иемдену үшін қажет ең негізігі құжат – студенттік билет болып табылады. Жаңа толқыннан үкілі үміт күтетіндігін айтып, ақ жол тілеген бөлім меңгерушілері студенттерге салтанатты түрде «Студенттік билет пен сынақ кітапшаларын» топ старосталарына аманат қылып табыстады. Аманатты қолдарына алған бірінші курс студенттері Құрылыс колледжінің студенті деген атқа лайықты болуға ант берді.

Олар ресми түрле құрылыс колледждің студенттері атанды.
Тамаша əзірлеген концерттік бағдарламадан кейін оқушылар өз өмірін тек біліммен ғана емес, шығармашылықпен де жалғастыруға болатынына көздері жеткен сияқты. Концерттік бағдарламадан кейін бірінші курс студенттеріне арналған дискотека ұйымдастырылды.