2020 ж. 10 қараша күні Семей қаласындағы КМҚК «Құрылыс колледжі» «СтартПрофи – Shygys» стенд-моб аясында, Instagram желісінде, қала мектептерінің 9, 11 сынып оқушылары үшін тікелей эфирде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді, талапкерлерге колледж туралы маңызды ақпарат берді.

Эфир барысында колледжде оқытылатын мамандықтар мен біліктіліктер туралы айтылды. Бюджеттік негізде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсу үшін құжат тапсыру ережелерімен таныстырылды. Оқуды аяқтап, мамандық алғаннан кейінгі жұмысқа орналасу мәселесі мен әлеуметтік серіктестік туралы да толық ақпараттар берілді.

Облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда біздің студенттердің жеткен жетістіктері мен колледждің басқа да алыс жақын шетелдермен жасаған қарым-қатынастары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде слайдтар мен бейне роликтер көрсету арқылы мазмұнды да қазықты үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.

Эфир соңында мектеп оқушылары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, оған нақты жауаптарды алды.