2025 жылғы 25 ақпанда ел Президенті жариялаған «Жұмысшы кәсіптерін қолдау жылы» аясында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде студенттік бірлестіктерді құруға арналған студенттермен кездесу өткізді. Бұл бастама К.К. Смагуловтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шараға түрлі саяси партиялардың өкілдері, мәслихат мүшелері және Еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы қатысты. Сондай-ақ, Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің курстық дайындық бөлімінің меңгерушісі Е.Е. Оразгалиев сөз сөйлеп, қысқа мерзімді курстардың өткізілуі туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттік бірлестіктерді құру, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің жазғы демалыс кезінде құрылыста, туризмде, ауыл шаруашылығында және басқа салаларда жұмыс істеп, табыс табу жолдары талқыланды.