2023 жылы наурыз айының 27-сі күні Халықаралық театр күніне орай Семей қалалық мәдениет сарайында дарынды жастарды қолдау, театр өнерін насихаттау мақсатында «Студенттік жастар театры – 2023» фестивалі өтті. Фестивальде колледжіміздің «Шаңырақ» театры «Сөздер» қойылымын қойып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Ұйымдастырушылар тарапынан жүлделі орын үшін марапаттау дипломы мен 40 мың теңге көлеміндегі сертификат ұсынылды. Ұйымдастырушылар мен қолдаушыларға мың алғыс!