2020 жылдың 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шарасы жоспары негізінде «Құрылыс колледжі» КМҚК-да 2-курс студенттері арасында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Ашық сабақты «өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Оразымбетова Р.Д. өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасты.