2024 жылдың 4 мамырынан 24 мамырына дейін біздің бірінші курс студенттерінің теодолиттік жұмыс әлеміндегі белсенді әрекеттерін қуанышпен бөлісеміз!

Осы уақыт ішінде білім алушылар геодезия негіздерін тереңірек зерделеп, теодолит аспабын қолдануды үйренді, теорияда алған білімдерін тәжірибеде ұтымды қолдана алды. Күн сайын өздеріне жаңа ашылулар мен қызықты ақпараттар алып, кәсіби өсулеріне ықпал ететін тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

Колледж басшылығына, арнайы пәндер оқытушыларына және топ жетекшілеріне әр кезеңде қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреміз!

Біз сіздермен қызықты сәттермен бөлісеміз және олар Сізді мамандық таңдауда шабыттандырады деп үміттенеміз!