12 желтоқсан күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПБ апталығы аясында бірінші курс студенттері арасында ағылшын тілі пәні бойынша «The best of the best» байқауы өткізілді. Байқауға бірінші курс студенттері ғана емес, екінші, үшінші курс студенттері де қатысып, жүргізушілер және қазылар алқасының мүшелігінде болды.
Байқаудың мақсаты-студенттердің ойын арқылы ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Конкурстың міндеттері студенттердің білімін бекіту, ұжымда жұмыс істеу және бірлесіп шешім қабылдау қабілетін дамыту, жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту, сондай-ақ өз елінің және оқытылатын тіл елдерінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Студенттер белсенді қатысып, тілді меңгеру деңгейін көрсетті, ой-өрісін кеңейтті, оқытылатын тіл елдеріне, ағылшын тілді халықтардың салт-дәстүрлеріне қызығушылық танытты. Байқау қызықты, белсенді ойындармен өтті және студенттердің оң пікірлерін алды, олар өздерінің ақыл-ой әлеуетін ашып қана қоймай, өздері үшін көптеген жаңа нәрселерді білді. Жеңімпаздар командасы дипломдармен, барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін сыйлықтармен марапатталды.