Ағымдағы  жылдың 18-ші ақпанында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіріп,дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында мемлекеттік тілді жоғарғы деңгейде меңгерген этнос жастары арасында «Тіл-Парасат» атты  қалалық байқауы өткізілді.

Байқауға қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазылар алқасы тіл,әдебиет, педагогика салаларының мамандары, зиялы қауым және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралды.

Байқауға Семей қаласының жоғарғы оқу орындары, Медициналық академия, сондай-ақ колледж студенттері қатысты.

Байқау 3 кезеңнен құралды. «Құрылыс колледжі» КМҚК атынан Бозаева Ақмарал Төкенқызының жетекшілігімен 33 ПГС тобында оқитың Денисов Евгений жүлделі ІІ орынды иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Елімізде Евгений сынды қазақ тілінің мәртебесін көтерер жастардың көп болатындығына нық сенімдіміз.