Қыркүйектің 20 күні Семей Құрылыс колледжінде əлеуметтік-гуманитарлық пəндер бірлестігі оқытушыларының ұйымдастырылуымен Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай «Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты жалпы колледж ішілік тәрбиелік іс-шара өтті. Аталмыш шараға колледж директоры К.К. Тастекеев бастаған құрылыс колледжінің оқытушылары мен студенттер қауымы қатысты. Тілдер мерекесіне Семей қалалық «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының төрағасы Д.С. Арғынғазин жəне қоғамдық ұйымның өкілі А.У. Жамбырбаева құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Мерекелік шарада колледж директоры К.К. Тастекеев өз сөзінде «Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Əр түрлі ұлттың тілі мен ана тілінің мəні мен маңызын жан жақтылы түсіндірді». Келген қонақтарға осы мәселені ашып айта келе əрбір азаматтың тіліне деген құрметі өз отбасына өз Отанына деген құрметі болады деп патриотизмге насихаттауды. Мерекені ұйымдастырушы оқытушылар Қалияскарова Ж.М., Бозаева А.Т., Тогызбаева К.С., Қызырбек К.Т. жəне 1-2 курс студенттері тақпақ оқып, əндер шырқап, əр ұлттың биін билеп мерекенің  салтанатын арттыра түсті. Латын əліпбиін оқу-тəрбие беруде қолдануды да назардан тыс қалдырмады. Осылайша мереке өз мəресіне жетті. Соңында колледж басшылығымен оқытушылар келген қонақтар жəне мерекенің салтанатына үлес қосқан колледж студенттері естелік суретке түсті. Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруға Семей Құрылыс колледжінің ұжымы өз шараларын осындай жоспарлы шараларды өткізумен бастады. Құрметті колледж ұжымы Сіздерді Қазақстан халықтарының тілдер күнімен құттықтаймын. Əр күндеріңіз сəтті болсын!

 

 

Əлеуметтік-гуманитарлық пəндер бірлестігінің төрайымы

Р.Д. Оразымбетова