Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнін мерекелеу құрметіне Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің «Құрылыс-жол пән бірлестігі» барша әріптестерді шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – білім мен еңбектің, тәжірибе мен төзімділіктің мерекесі. Ел болашағы – жастарға сапалы білім мен кәсіби дағды беріп, олардың өмірлік жолына бағыт-бағдар көрсетіп жүрген сіздерге мың алғыс!
Шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі – сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі. Сіздерге қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Жаңа белестер мен шығармашылық шабыт әрдайым серіктеріңіз болсын!