2025 жылы мамыр айының 30-ы күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде құрылыс саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Республикамыздың 16 облысынан жиналған қатысушылар барлығы 3 құзіреттілік бойынша бақ сынасып шеберліктерін көрсетті.
• Конкурс қорытындысы бойынша «Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері» біліктілігінен:
1 орын иегері — Тулебаев Базарбай — Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі — Түркістан облысы.
2 орын иегері — Қонысбаев Ғизат Самалбекұлы — Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі — Атырау облысы.
2 орын иегері — Бурамбаев Нурлан Хайратович — Шыңғырлау колледжі — Батыс Қазақстан облысы.
«Үздік маман» медальон — Несіпбайұлы Думан — Алматы құрылыс-техникалық колледжі — Алматы қаласы.
• «Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша:
1 орын иегері — Орынғалиева Жанаргүл Нұрланқызы — Атырау энергетика және құрылыс колледжі — Атырау облысы.
2 орын иегері — Жадаева Гульмира Амировна — Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі — Абай облысы.
3 орын иегері — Бекмуха Санжар Азаматұлы — КазГАСА колледжі, Алматы қаласы.
«Үздік маман» медальон — Ермагамбетова Айгуль Амержановна — Қостанай құрылыс колледжі — Қостанай облысы.
«Үздік маман» медальон — Андиров Серик Болатович — Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі — Ақмола облысы.
«Үздік маман» медальон — Сузанская Людмила Андреевна — Павлодар монтаждау колледжі — Павлодар облысы.
• «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша:
1 орын иегері — Нургожанова Арай Серыкжановна — Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі — Абай облысы.
2 орын иегері — Шарапиев Айдын Ардарханович — Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі.
3 орын иегері — Қани Арман Алтынбекұлы — Рудный құрылыс және көлік колледжі — Қостанай облысы.
3 орын иегері — Орынбасарұлы Елжас — Архитектура, дизайн және инженерия колледжі — Алматы қаласы.
Жалпы командалық есепте 1 орында Абай және Атырау облысы анықталды. 2 орын — Түркістан облысы. 3 орынды — Батыс Қазақстан облысымен Маңғыстау облысы бөліп алды.
Марапаттау рәсімінде барлық қатысушыларға Абай облысы білім басқармасының атынан Алғыс хат және «TALAP» КеАҚ атынан халықаралық фестивалінде тәжірибесімен бөліскендігін растайтын сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.


