2019 жылдың 29 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЖАЙЫПТАРДЫҢ АВТОРЫ» атты жалпы республикалық сабақ аясында кездесу өткізілді. Шараға Семей қаласының Жастар ресурыстық орталығының директоры О.А. Соғымбай келіп студенттерге ақпарат берді. Әр топта бірыңғай сабақ өткізілді. Колледж кітапханасында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты арнайы көрме ұйымдастырылды. Ұлы тұлғаны ұлықтайтын интеллектуалдық сайыстар өткізілді.