2025 жылдың 6 ақпанында жалпы білім беретін пәндер апталығының жоспары бойынша «Ұлттық ойындар» спорттық эстафетасы өтті. Эстафетаға қатысу үшін бірінші курстың 101 ТГ, 102 ТГ, 103 ТГ, 104 ТГ, 105 ТА, 106 ТА, 107 ТА, 108 ТК топтарынан төрт команда құрылды: «№1 Қолданбалы геодезия», «№2 Қолданбалы геодезия», «Аэрофотогеодезия», «Картография».
Іс-шараға ұлттық спорт жарыстарының әртүрлі түрлері кірді: теңге алу, қол күрес, асық ату, арқан тарту, таяқ тарту, нысана көздеу, аударыспақ. Осы жарыстарды орындау кезінде қатысушылар әртүрлі физикалық кедергілерді жеңіп, ептілік пен төзімділікті дамытып, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Спорттық іс-шараның атмосферасы толқуларға, командалық рухқа және салауатты бәсекелестікке толы болды. Студенттер өздерінің физикалық дайындығын ғана емес, сонымен қатар қарсылас командалармен қарым-қатынас жасау қабілетін де көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Картографтар» командасы 1 орынды иеленсе, «2 Қолданбалы геодезия» – 2 орын, «Аэрофотогеодезия» – 3 орын, «№1 Қолданбалы геодезия» – 4 орынға шықты.
Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар грамоталармен марапатталды:
«Асық ату» – Самархан Дамир (101 ТГ);
«Таяқ тарту» – Корень Данил (101 ТГ);
«Қол күрес» – Жеңісхан Есболат (103 ТГ);
«Нысана көздеу» – Амангельдинов Ернұр (108 ТК).
Бұл эстафета нәтижеге қарамастан қатысқандардың барлығы үшін нағыз мереке болды. Барлық қатысушыларға белсенділік, күш-жігер және жауынгерлік рух үшін алғыс айтамыз!