9 мамыр Ұлы жеңіс күніне орай жатақхана тәрбиешілері Шыныбаева А.С. пен Мейримова Н.С. жатақхана студенттеріне «Ұлы жеңіс – жасасын!» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерін таный отырып, ой – өрісін дамыту.Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.