Жастар және оқушылар шығармашылық сарайында WorldSkills Abai бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

«WorldSkills Abai – 2023» өңірлік чемпионаты жұмысшы мамандықтарды танымал етуге бағытталған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады.

«WorldSkills» қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, шеберлік дағдыларын дамыту.

Облысымызда «WorldSkills» қозғалысының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Оған дәлел – құзіреттіліктер мен қатысушылардың санының артуы. «WorldSkills Abai – 2023» аймақтық чемпионатына 25 колледжден 53 құзіреттілік бойынша 196 студенттер қатысып, бес күн бойынша бәсекеге түсіп, өздерінің кәсіби шеберліктері мен жеңіске деген табандылықтарын көрсетпек.