23 сәуір күні «WorldSkills Abai – 2024» екінші өңірлік чемпионатының бірінші күні Абай облысының ББ «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК құзыреттілік орталығында басталды. Чемпионат 9 құзыреттілік бойынша өтеді: «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Дәнекерлеу ісі», «Кірпіш қалау», «Плиткамен қаптау», «Слесарлық іс», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Ағаш ұсталық ісі», «Сантехника және жылыту», «Шатыр жұмыстары».

«WorldSkills Abai – 2024» екінші өңірлік чемпионаты 2024 жылғы 22-26 сәуір аралығында өтеді. Бұл чемпионат жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!