2024 жылдың 21 қарашада «Алматы көлік-жол колледжі» мекемесінің директоры Кабашев Рахимжан Абылкасымовичпен кездесу ұйымдастырылып, екі колледж арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және геодезия саласында барлық аспектілер бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.