2018 жылдың сәуір айының 21 күні  Семей қаласында санитарлық тазалықты орнату мақсатында жалпықалалық сенбілік өтті.  Ұйымдасқан түрде өткен сенбілікке  Семей КМҚК «Құрылыс колледжі» белсене ат салысып, тазарту жұмыстарын жүргізді. Колледжіміздің оқу ғимаратында өткен сенбілік шарасына  ұстаздар, шеберлер, шаруашылық қызметкерлер  мен студенттеріміз жаппай  үлес қосып, өздеріне тиесілі аумақты қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Жалпы сенбілік жоғары денгейде өтті.