Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып,  Наурыз тойын тойлатып, Жаңа Жыл келіп жетті. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!»,-деп көрісіп жатқан көрші- қолаңмен қатар әріптестер қатарыда балаша қуанып құттықтасып жатты. Аталмыш мереке  КМҚК Құрылыс колледжінде «Наурыз –Көктем» атты мерекелік іс-шара 20.04.2018 ж өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Надежда Васильевна Шарова мен бір қатар оқу орындардың директорлары және экология, мәдениет бөлімінің басшылары да қонақта болып, ескірген салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртқан іс-шараның куәсі болды. Наурыздың ерекше нышанының бірі Қыдыр Ата келіп, дүйім жұртқа ақ батасын берді. «Қыдыр, құт дарытып» кетеді, деген қазағымыз  Қыдыр Атаны ерекше құрметтейді.

«Наурыз- Көктем» мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін арнап колледж директоры  Кайрат Құлбайұлы Тастекеевпен, Семей қаласының әкімінің орынбасары Надежда Васильевна Шарова құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шарада  қазақтың салт-дәстүрлерін  дәріптеп сонымен қоса, ұлттық ойындар ойнатылды. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт — дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың  қолында деп колледж жастарыда ұлттық салт дәтүрімізді дәріптеуде кем қалмады. Атап айтар болсақ 32 ПГС тобының «Көрісу» салтын насихаттаса, 21 ПГС тобы келін түсіру салтын көрсетті.23 ПГС тобының «Ат қою» дәстүрінде тамашалап таң тамаша болыстық.

22 ПГС тобының «Ұйқыашар» салтымен жалғасын тапты. «Тұсау кесу» салтын, қазақта көпті көрген, білгір, дана, дара, қазақтың бетке ұстар, үлгілі тұлғаларға  ұсынған. Соған лайық қадірлі қонағымыздың бірі Күміс Төлеубекқызына 31 ПГС тобының ұйымдастырған тұсау кесер рәсімі ұсынылды. Мерекенің көркін қыздырған Күміс  Төлеубекқызы болашақ атқа мінер балақаймен наурыз тойына жиналған қонақтарға, колледж ұжымына жүрек жарды лебізін білдірді.
Ұлттық ойындар ұлықтады  оның ішінде; арқан тартыс, кіртас көтеру, қол күрес жарыстары өткізіліп колледждің ауласында ақ шағаладай қазақ үй тігіліп айналасында қазан ошақта наурыз көже пісіріліп сар самауырында қою қызыл шай қайнатылып азан- қазан болып  жайылған ақ дастарханнан дәм татып,сабадан сапырылған қымыз ішілді.Колледж ұжымыда келген қонақтар да студенттерде мәз мейрам.

«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халықпыз.