«Жақсылық жасап жарысайық» акциясына «Құрылыс колледжі» КМҚК директорының бастамасымен, әлеуметтік аз қамтылған 8 отбасына (8 км. квартал Д-13 – 2 отбасы; Мұқыр елді мекені – 3 отбасы; Ком.поселок – 1 отбасы; Тарбағатай, жатақхана – 1 отбасы; Бобровка кенті – 1 отбасы)  өндірістік оқыту шеберлері, жас оқытушылар және студенттер әр түрлі жұмыстарға қолғабыс тигізіп, көптеген үлкен кісілердің алғысын алды. Жастарымыз үлкендерге құрмет, кішілерге ізет танытып, өскелең ұрпағымыз саналы да сапалы азамат пен азаматша болып өсуіне аға буын үлкендеріміз үлгі бола берейк.