2018 жылдың 9 қазан күні, «Құрылыс колледжі» КМҚК конференц-залында оқытушылар ұжымының қатысуымен ҚР Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының талдауы өтті. Әр тараулар және тармақтарынан жан-жақтылы қазақ, орыс тілдерінде мәліметтер түсіндіріліп, оқытушылар қауымы өз ойларымен бөлісті. Болашақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға бір ауыздан келісті. Аталмыш ҚР Президентінің жолдауымен таныстырылу колледждің топ студенттерімен жеке таныстырылып, жолдау мәні мен маңыздылығы түсіндірілді.