Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурызнаманың» жаңа концепциясы дайындалды. Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады. «Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.