2024 жылы 12 наурызда С-12 тобында жалпы білім беретін пәндер апталығының аясында математика пәнінің оқытушысы Бодиева Әйгерім Талғатқызы «Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді.
Түзу мен жазықтықтың паралельдік белгілері мен қасиеттерін білу, оларды есептер шешу кезінде қолдану мақсатымен өткізілген ашық сабақ сәтті өтті.
Ашық сабақ ойын және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Сабақтың барлық кезеңдері ұтымды пайдаланылды. Оқытушы сабақта студенттік аудиторияны шебер жандандырды. Студенттер толық жауап беруге, орындалған тапсырмаға түсініктеме беруге тырысты.
Әр түрлі заманауи білім беру технологияларын қолданудың арқасында, жақсы жұмыс ортасы бар, мақсатына жеткен жемісті сабақ болды. Ашық сабақ әріптестердің оң пікірлерін алды, жоғары деңгейде өткізілді.