2024 жылы 11 наурызда физика пәнінің оқытушысы Әубәкірова Динара Ерғалымқызы жалпы білім беретін пәндер апталығының аясында 11 ПГС тобының студенттеріне «Жарықтың электромагниттік табиғаты. Жарықтың интерференциясы. Жарықтың дисперсиясы» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ мақсаты: Призма арқылы өткен кездегі ақ жарықтың жіктелу процесін түсіндіру.
Сабақ барысында мақсат қою, проблемалық сұрақ қою, өз бетінше ақпарат алу, жұмыстың әр кезеңіне жоспар мен алгоритм құру сияқты оқу іс-әрекеттері жүргізілді. Оқытушы оқылатын материалды күнделікті өмірмен шебер байланыстыра алды. Ашық сабақта әртүрлі физикалық эксперименттер жасалды. Студенттердің симулятор көмегімен Ньютонның призма арқылы жасаған тәжірибесін қайталауы сәтті өтті. Әріптестер тарапынан ашық сабақ жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.