2024 жылдың 11 наурызында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның конференц залында С-13 тобының студенттеріне «Битва умов» атты интеллектуалды-логикалық ойын өткізілді.

Интеллектуалдық ойынның мақсаты қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, тыңдаушылардың жалпы мәдениетін арттыру және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға ықпал ету болды. Ойында «Умные» және «Находчивые» деген екі команда жарысты. Топ студенттері ойын барысында әр кезеңге белсене қатысты. Интеллектуалды-логикалық ойын нәтижесінде «Находчивые» командасы жеңіске жетіп, «Умные» командасының мүшесі Яснов Сергей «Лучший игрок» номинациясын алды.