2024 жылдың 12 наурызында «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-ның конференц залында жалпы білім беру пәндері апталығының аясында 1 курс студенттеріне «Aqyl battle» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Интеллектуалдық ойынның мақсаты студенттердің белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу.

Ойынға С-12, М-11 және 11-ПГС топтары қатысты. Интеллектуалдық ойын 6 кезеңнен тұрды. Студенттер ойын барысында барлық кезеңдерге белсене қатысып отырды. Ойынға қатысушыларға атақты ғалымдардың суретіне қарап, оның кім екенін табу ұсынылды, жұмбақтар шешілді, «WorldWall» платформасында ұялы телефон арқылы тест сұрақтарына жауап берілді. Интеллектуалдық ойын нәтижесінде топтар келесі орындарға ие болды:

1 орын – 11 ПГС тобы

2 орын – С-12 тобы

3 орын – М-11 тобы

Қойылған сұрақтар мен берілген тапсырмалардың жаңашылдығы оқытушыларға ұнады. Интеллектуалдық ойын жоғары деңгейде өтті.