«Астана – ұлы дала Елордасы!» атты музыкалық әдеби кеш
Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына орай қалалық Абай театрында Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясының» ұйымдастыруымен 17.07.18ж. «Астана – ұлы дала Елордасы!» атты музыкалық әдеби кеш өтті. Музыкалық әдеби кеште Абайдың қара сөздері мен әндері, «Шалқыма» би ансамблі өнер көрсетті. «Астана – ұлы дала Елордасы!» атты музыкалық әдеби кешті КМҚК «Құрылыс колледжінің» ұжымы да тамашалады.