Абай

Абай атындағы қалалық конкурс

2019 жылғы 24 сәуір күні Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай атындағы қалалық конкурс» өтті. Конкурсқа Ж.М. Қалиасқарованың жетекшілігімен колледж студенті Ыбыраева Мөлдір қатысып, үздіктердің қатырынан табылып, ынталандыру алғыс хаты және сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ Бозаева Ақмарал Төкенқызының жетекшілігімен Әбиева Ақнұр да қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

«Болашақ жастардың қолында» атты ашық кітап көрмесі

Қалалық №2 кітапхана ұжымы Жастар жылы аясында ұйымдастырған «Болашақ жастардың қолында» атты ашық кітап көрмесіне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері қатысып қайтты. Отырыста «Жас Отан» жастар қанатының ШҚО, Семей қаласы бөлімшесінің жетекшісі Айтмұқаш Алмас Виленұлы жастармен пікір алмасты. Студенттер өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып,  ойларын ортаға салды.