Қалалық №2 кітапхана ұжымы Жастар жылы аясында ұйымдастырған «Болашақ жастардың қолында» атты ашық кітап көрмесіне «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері қатысып қайтты. Отырыста «Жас Отан» жастар қанатының ШҚО, Семей қаласы бөлімшесінің жетекшісі Айтмұқаш Алмас Виленұлы жастармен пікір алмасты. Студенттер өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.