Жастар жылы аясында, студенттердің  шығармашылық бастамаларын қолдау  мақсатында «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» және «Жастар және балалар ұйымдарының ШҚО Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиялының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 21-ші сәуірінде қалалық мәдениет  үйінде «Үздік жастар театры-2019» қалалық байқауы  өтті.

Байқауға іріктеуден өткен 9 жоғары және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан театрлары қатысып, бақтарын сынады. Байқауға театр сахнасында қойылып жүрген ең үздік қойылымдар ұсынылды. Пьесалардың тақырыптарына шектеу қойылмады, бірақ қазіргі заман және қоғам өмірі тақырыбындағы пьесаларына басымдық берілді. Мысалы: ажырасу, наркомания, суицид және т.б..

Қатысушылардың бірі болып, «Құрылыс колледжі» КМҚК қазақ тілі және әдебиетінің оқытушысы Бозаева Ақмарал Төкенқызының «Қазақ жастары» драма пән үйірмесінің  мүшелері «Өмір шырғалаңы» атты қойылым көрсетіп, жүлделі III орынды жеңіп алды және 10000 теңге көлемінде ұтыс сертификатын  иеленді.

Студенттердің білімдерін үйірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен ділімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, жас өнерпаздардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру болып табылады.

Алдағы уақыттарда да үйірме мүшелеріне толағай табыстар тілейміз.