Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2022 жылдың 4 ақпанында ШҚО Семей қаласының №38 мектеп-лицейінде 9 және 11 сынып түлектерімен «Құрылыс колледжі» ҚМКК кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Колледж өкілдері оқушыларға орта кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтарының бағыттары бойынша оқытатынын айтты. Кездесудің әрбір қатысушысы біздің колледж туралы маңызды және қажетті ақпарат алды.

Көрме

«Құрылыс колледжі» КМҚК-да «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында кітапханамызда «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды.