«Кітапханашы – демек креативті»

17.10.2022 күні 24-қазан – Кітапханашы күнін мерекелеу аясында «Кітапханашы – демек креативті» атты С-12 топ (кураторы – Болатқызы Д.) студенттерімен кітапханада өзін-өзі басқару күні өтті. Кітапханашы қызметін атқарған С-23 тобының студенті Лещун С. және С-12 тобынан Дүйсенов Ә. болды.

«Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» атты кітапханалық квест

13.10.2022 ж. кітапханашылар Ахметова Э.С. және Искакова Г.К.  ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» атты кітапханалық квест ойыны ұйымдастырылды. Оған С-11 тобының студенттері (топ жетекшісі – Кабылгазин А.Ғ.) қатысты. Ойын соңында қатысушыларды тосын сый күтіп тұрды. Кітапханалық квест ойыны студенттерге қатты ұнады.

«Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбындағы жалпықазақстандық ашық диктант

17.10.2022 ж. «Құрылыс колледжі» КМҚК-нда 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесіне орай «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті. Диктантты қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары Ж.М. Қалиасқарова мен Ж.А. Исаева өткізді. Диктант жазуға колледждің 1-курс студенттерінен барлығы 64 білім алушы қатысты. Бұл шара қазақстандықтардың белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарының…