Студенттердің сауалнамасы
2024 жылдың сәуір айының 25 күні жатақхана тәрбиешілері Муратханова А.Б., Улыбаева Ж.А. мен педагог-психолог: Мубаракова Д.С. қатысуымен жатақханада тұратын студенттерге арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты: жатақхана жағдайының студенттер үшін қолайлылық деңгейін анықтау, жатақханадағы студенттердің қарым-қатынасын және ішкі тәртіптің сақталу дәрежесін анықтау.