Облыстық жеңіл атлетикалық кросс

2024 жылы қазан айының 17-сі күні Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында жеңіл атлетикалық кросс жарысы өтті. Жарыста «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК құрама командасы тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Өндірістік тәжірибе

2024 жылдың 2-нші қыркүйегі мен 12-нші қазаны аралығында «Архитектура» мамандығы бойынша білім алатын А-31 топ студенттері «Семей-Көркем» ЖШС мекемесінен өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту барысында студенттер жобалау мен безендіруге арналған «АutoСAD», «Compas», «PhotoShop», «СorelDraw», «3D ландшафтық дизайн» сияқты бағдарламалармен жұмыс істеуді меңгеріп, өз біліктіліктерін шыңдады. Өндірістік тәжірибе студенттерге өз мамандықтары бойынша алған теориялық білімдерін іс…

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылы қазан айының 21-і күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК-да Семей қаласының жалпы орта білім беретін №10 мектебінің 9 сынып оқушыларына экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында оқушыларға мамандықтарға байланысты құралдармен жұмыс істеу тәртібі көрсетіліп, оқу шеберханалары таныстырылды.

Оқу тәжірибесі

2024 жылы қазан айының 14-18 аралығында 22 ПГС топ студенттері «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша оқу шеберханаларында тәжірибеден өтті. Өндірістік оқыту сабағында студенттер бастапқы дағдылар игеріп, жаттықтырылды: Құрғақ құрылыс жұмыстарын орындау кезінде гипсокартонды кесу және орнату жұмыстарын технолгиясын меңгерді; Өндірістік жұмыстар барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау,а дағдыланды; Гипсокартонды сызба бойынша қабырғаны, есік-терезе саңылауларын құрастырды.…

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығына экскурсия

2024 жылы қазан айының 17-сі күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 203 ТА топ студенттері топ жетекшісі Д.Қ. Емелбаевамен бірге Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды. Экскурсияның мақсаты студенттерді Абай мұрасымен, ақынның өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстыру болды.