Мастер-класс

Ағымдағы жылдың ақпан айында «GeoID» компаниясы «Аэрофотогеодезия» мамандығы бойынша оқитын колледж студенттері үшін заманауи дрондарды қолдана отырып аэрофототүсірілім бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы аясында қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарынан жинау мен өңдеудің озық технологияларымен, ұшуды жоспарлау ерекшеліктерімен, жабдықты калибрлеумен, сондай-ақ жердің цифрлық модельдерін құру үшін аэрофотосуреттерді өңдеу әдістерімен танысты. Шеберлік сабағының тәжірибелік бөлігі дронды іске…

Профилактикалық әңгімелесу

2025 жылы ақпан айының 20-сы күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне Семей қаласы №6 аралас үлгідегі емханасының СӨС дәрігерлері Айгүл Советханқызы және Гүлмира Меруертханқызымен, Әуезов полиция бөлімінің аға лейтенанты Қанат Семейбайұлымен «Жыныстық қол сұғылмаушылық» тақырыбында кездесу өткізілді.

Түрлі-түсті кеш

202 ТГ тобы студенттері мен топ жетекшісі Сагимбаева Данара Кайратовна «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» акциясы аясында «Түрлі-түсті кеш» іс-шарасын ұйымдастырды.